Құралды алмастыру

Жонғы пышағын алмастыру үшін қажетті алты қырлы дөңбек кілт (18) электр құралының ішінде орналасқан және әрдайым сол жерде сақталуы тиіс (F суретін қараңыз).

Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.

Қатты металдан (HM/TC) жасалған жонғы пышағының 2 жүзі бар және оны аударып қоюға болады. Егер екі кескіш қыры өтпейтін болса, жонғы пышағын (17) алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға болмайды.

Жонғы пышағын алып тастау (A суретін қараңыз)

Жонғы пышағын (17) аудару немесе алмастыру үшін пышақ бастиегін (19) жылжымалы жонғы табандығымен (14) параллель болғанша айналдырыңыз.

2 бекіткіш бұранданы (21) алты қырлы дөңбек кілтпен (18) шамамен 1 – 2 айналымға босатыңыз.

Қажет болса, қысқыш элементті (20) ағаш сынасы сияқты арнайы құралмен кішкене қағу арқылы босатыңыз.

Пышақ білігінің бүйірлік қорғанысын (8) төмен итеріп, ағаш кесігінің көмегімен жонғы пышағын (17) бүйірінен пышақ бастиегінен (19) жылжытып шығарыңыз.

Жонғы пышағын орнату (B суретін қараңыз)

Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.

Қажет болса, қысқыш элементтегі (20) пышақ орнын және жонғы пышағын (17) тазалаңыз.

Жонғы пышағын орнату кезінде оның қысқыш элементтің (20) бекіткіш бағыттауышында кедергісіз тұрғанына және жонғы табандығының (9) шеткі қырына бағытталғанына көз жеткізіңіз. Содан кейін 2 бекіткіш бұранданы (21) алты қырлы дөңбек кілтпен (18) тартыңыз.

Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіту бұрандаларының (21) берік бекітілгенін тексеріп шығыңыз. Пышақ бастиегін (19) қолмен айналдырып, жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.

Нұсқау: тартпада (7) қосалқы пышақты (17) сақтауға болады (E суретін қараңыз).