Қорғағыш аспапты орнату
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Нұсқау: Жұмыс кезінде тегістеу шеңбері бұзылса немесе қорғағыш қаптама/электр құрал құрылғылары бұзылса, электр құралды бірден сервис қызметіне жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.
Қорғағыш қаптаманы (10) электр құралының патронына қорғағыш қаптамасының кодтау жұдырықшалары патронға сәйкес келгенше салыңыз. Бұғаттаудан шығару иінтірегін (1) басып ұстаңыз.
Шпиндель мойнындағы қорғашғы қаптаманы (10) басып, қаптамадағы буртикті электр құралдың фланеціне отырғызыңыз және қорғағыш қаптаманы шырт еткен дыбыс естілгенше бұрыңыз.
Қорғағыш қаптаманың (10) күйін жұмыс барысының талаптарына сай орнатыңыз. Бұл үшін бұғаттаудын шығару иінтірегін (1) жоғары басыңыз және қорғағыш қаптаманы (10) қажет күйге бұрыңыз.
- Қорғаныш қаптаманы (10) әрдайым, құлыптан босату иінтірегінің (1) екі жұдырықшасы қорғаныш қаптаманың (10) тиісті ойықтарына кіретіндей, реттеңіз.
- Қорғағыш қаптаманы (10)оператордың жағына қарай ұшқындардың ұшуы болмайтындай орнатыңыз.
- Қорғағыш қаптама(10) бұғаттаудан шығару иінтірегін (1)пайдаланғанда ғана бұрылуы керек! Әйтпесе электр құралды пайдалану мүмкін емес және сервистік қызметке тапсыру керек.
Нұсқау: қорғағыш қаптамадағы кодтау жұдырықшалары (10) тек электр құралға жарайтын жабдықты орнатуды қамтамасыз етеді.
- Кесу үшін әрдайым ажарлауға арналған қорғаныш қаптаманы (10) кесуге арналған қаптамамен (11) бірге пайдаланыңыз.
- Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.
Кесуге арналған қаптама
Кесуге арналған қаптаманы (11) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (10) монтаждаңыз (A суретін қараңыз): иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (11) ажарлауға арналған қорғаныш қаптамаға (10) кигізіңіз (➋). Иінтіректі қорғаныш қаптамаға (10) қайтадан мықтап басыңыз (➌).
Бөлшектеу үшін (B суретін қараңыз) иінтіректі кері қайырыңыз (➊). Қаптаманы (11) қорғаныш қаптамадан (10) тартып алыңыз (➋).
Нұсқау: GWS 18V-180 PC бұрыштық ажарлау машинасының жеткізілім жиынтығына діріл басқыш қосымша тұтқа (7) кіреді, ол редуктор корпусынан ұзартылған аралықты қамтамасыз етеді. Эргономия мен жұмыс қауіпсіздігінің тұрғысынан әрдайым осы пайдалану бойынша нұсқаулықта сипатталған, дірілді басқыш қосымша тұтқаны (7) пайдаланыңыз.
Діріл басқыш қосымша тұтқа (7) төмен дірілді, яғни, қолайлы және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді.
Қосымша тұтқаны (7) жұмыс әдісіне байланысты редуктор бастиегінің оң жағында немесе сол жағында бұрап бекітіңіз.
- Қосымша тұтқасы (7) бар электр құралын ғана пайдаланыңыз.
- Электр құралын, қосымша тұтқа (7) зақымдалған жағдайда әрі қарай пайдаланбаңыз. Қосымша тұтқаға (7) ешқандай өзгеріс енгізбеңіз.