Тұйық тойтарманы қондыру (A1−A3 суреттерін қараңыз)
- Байланыстыруға арналған дайындамаларды дайындап қойыңыз. Саңылаулар болмаған жағдайда, дайындаманы алдын ала бұрғылаңыз.
- Жарамды саптаманы (1) таңдаңыз. Саптаманы қорғаныш төлкеге (2) бұрап орнатыңыз да, оны гайка кілтімен (9) мықтап тартыңыз.
- AUTO түймесінің (18) көмегімен қажетті жұмыс режимін таңдаңыз қараңыз Жұмыс режимін таңдау.
- Тұйық тойтарманың (20) суырма сұққышын саптамаға (1) кіргізіңіз.
- Электр құралын берік ұстап тұрып, тұйық тойтарманы алдын ала жасалған саңылауға кіргізіңіз.
- Жұмыс режиміне байланысты ажыратқышты (12) басып, суырма сұққыш сынғанша күтіңіз.
- Электр құралын, суырма сұққыш жинағыш контейнерге (5) түсетіндей, артқа аударыңыз.
Нұсқау: тұйық тойтарманы қондырғаннан кейін келесі тұйық тойтарманы қондырмас бұрын сынған суырма сұққыштың жинағыш контейнерге түскеніне көз жеткізіңіз.