Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Аккумуляторлық фонарьды күтіп пайдаланыңыз. Аккумуляторлық фонарь қатты қызады, бұл өрт және жарылу қаупін арттырады.
- Аккумуляторлық батареямен жарылыс қаупі жоқ ортада жұмыс істеңіз.
- Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторлық фонарьді қосудан алдын аккумулятор зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь суығанын қамтамасыз етіңіз.
- Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз.
- Жарықтық көзін алмастыру мүмкін емес. Егер жарық көзі бұзылған болса, аккумуляторлық шамды алмастыру қажет болады.
- Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
- Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық фонарьды пайдаланбаңыз. Аккумуляторлық фонарь жолда жарықтандыруға арналмаған.
Аккумуляторлық шамдың барлық жарықтанған беттер мен заттарға дейін минималдық аралықты сақтаңыз. Аралық жетілмесе жарықтанған заттар қызып кетуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шам сәулесіне ұзақ уақыт бойы қарамаңыз. Оптикалық сәулелену көзге зиян тигізуі мүмкін. |
- Аккумуляторлық шамды пайдалану кезінде шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану кезінде шамның жарық бастиегі қызады және әбден қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторлық шамды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Аккумуляторлық шамның магниті имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. |
- Аккумуляторлық шамды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Магнит әсері деректердің біржолата жойылуына әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторлық шамды бекіткіш магниттердің көмегімен бастан жоғары көтермеңіз. Құрылғыны түсіргенде, жарақаттану қаупі туындайды.
- Бекіткіш магнит аккумуляторлық шамды үздіксіз көтере алатындығын тексеріңіз. Құрылғыны түсіргенде, жарақаттану қаупі туындайды.
- Аккумуляторлық шам магнит немесе ілгек арқылы бекітілген болса, онда оған қосымша жүк түсірмеңіз. Магнит пен ілгек аккумуляторы салынған аккумуляторлық шамды тасымалдауға ғана арналған. Қосымша жүк түсіру салдарынан аккумуляторлық шам сынуы немесе құлауы мүмкін.
- Аккумуляторлық шам магнит немесе ілгек арқылы бекітілген болса, не аккумуляторлық шамды, не оны бекітіп тұрған затты жылжытпаңыз. Аккумуляторлық шам құлауы мүмкін.
- Аккумуляторлық шамды электр сымдарына немесе басқа тұрақсыз заттарға бекітпеңіз. Өрт және жарақат алу қаупі бар.