Басымдық түймесі (Priority Start)
Әр зарядтау науасында (1) оның ішінде зарядтау процесін дереу бастауға арналған басымдық түймесі (5) бар.
- Басымдық түймесі (5) бір рет басылғаннан кейін, бұл зарядтау науасындағы аккумуляторға басымдық беріліп, ол өз қуатының шамамен 80%-на дейін зарядталады (бірінші зарядтау циклі). Зарядтау процесін бастау үшін заряд деңгейінің индикаторындағы (4) алғашқы 4 жарық диоды қысқа мерзімге жанады. Аккумулятор шамамен 80%-ға дейін зарядталған соң, көрсеткі (2) бойынша келесі аккумулятор зарядталады (сағат тілінің бағытына қарсы).
- Басымдық түймесін (5) екі рет басқаннан кейін, осы зарядтау науасындағы аккумуляторға басымдық беріліп, толық заряд деңгейіне жеткенше зарядталады. Зарядтау процесін бастау үшін заряд деңгейінің индикаторындағы (4) 5 жарық диоды қысқа мерзімге жанады. Бұл зарядтау процесі аяқталғаннан кейін, басқа аккумуляторлар ары қарай шамамен 80%-ға дейін зарядталады.
Белгіленген басымдықты аккумулятор толық зарядталған кезде, ол келесі зарядтау науасында зарядталады. Зарядтау реттілігі зарядтағыш құрылғыдағы басылған көрсеткінің (2) бағыты бойынша жүзеге асады (сағат тілінің бағытына қарсы).