Аккумулятор зарядталмайды

 

Аккумулятор зарядталмайды және барлық алты индикатор (3) бір уақытта қызыл түспен жыпылықтайды.

Себебі: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды

Шешімі: барлық аккумуляторлар толықтай салынғанына көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз. Ақау қайтадан орын алса, зарядтағыш құрылғыны Bosch электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету орталығында тексертіңіз.

Аккумулятор зарядталмайды және индикатор (3) қызыл түспен жыпылықтайды (әрқайсысы жеке зарядтау науасында).

 

Себебі: аккумулятор тиісінше салынбаған

Шешімі: аккумуляторды зарядтау құрылғысына тиісінше салыңыз.

 

Себебі: аккумулятор мен зарядтау контактілері ластанған

Шешімі: аккумулятор мен зарядтау контактілерін, мысалы, аккумуляторды салып, қайта шығару арқылы тазалаңыз.

 

Себебі: аккумулятор ақаулы

Шешімі: аккумуляторды ауыстрыңыз.

Аккумулятор зарядталмайды және индикаторы (3) үздіксіз жанып тұр.

 

Себебі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонынан тыс.

Шешімі: аккумулятор температурасы рұқсат етілген зарядтау температураларының диапазонына (0–45°C) қайтып оралғанша күтіңіз.