Бөліктерін орнату

  • Жинақтағы құрылғы элементтерін орнату кезінде жұмысты оңтайландыру үшін электр құралының тасымалдау күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.

Дайындама тіреуіштерін (24) электр құралының сол, оң немесе алдыңғы жағында орналастыруға болады. Икемді штепсельдік жүйе ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді (G суретін қараңыз).

  • Қажет болса, дайындама тіреуішін (24) электр құралындағы бекіткіштерге (47) немесе екінші дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (48) енгізіңіз.
  • Электр құралын еш жағдайда дайында тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
    Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау аспаптарын пайдаланыңыз.

Қысқыш дөңгелек (45) реттелген тік еңіс бұрышын бекітеді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін қажет.

  • Алты қырлы гайканы бұрандалы болттан (49) бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш дөңгелекті (45) сағат тілінің бағытымен бұрандалы болтқа (49) бұрап орнатыңыз да, мықтап тартыңыз.

Жылжымалы тіреуіш планканы (26) аралау алдында монтаждау қажет.

  • Ара төсемінің оң жағындағы тіреуіш планканы (26) тиісті ойыққа кіргізіп, бұғаттау бұрандасын (44) мықтап тартыңыз.
    Тіреуіш планканың тегістелген бөлігі ара төсеміне қарай ішке қарап тұруы тиіс.