Құралды ауыстыру
- Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету, құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
- Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш·желдеткіші·корпус·ішіне·шаң тартып,·метал ұнтағының жиналуы·электр·тогымен жарақаттану қауіпін тудыруы мүмкін.
Бекіту төлкесін (2) алға тартып, алмалы-салмалы аспапты тірелгенше құрал бекіткішіне (1) жылжытыңыз да, бекіту төлкесін (2) жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Соққыға төзімді бұрауыш биттерді (17) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (16) арқылы енгізуге болады.
Соққыға төзімді бұрауыш биттерді (17) шар тәрізді ысырмасы бар әмбебап бит ұстағышы (16) арқылы орнатуға болады.
- Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты (18) құрал бекіткішінің (1) квадратына салыңыз.
Жүйеге қарай алмалы-салмалы аспап (18) құрал бекіткішінде (1) аздап бос тұрады; бұл жұмысына/қауіпсіздігіне әсер етпейді.
Кейбір алмалы-салмалы аспаптар (мысалы, қос биттер) құрал бекіткішіне берік бекітілмейді.