Негізгі реттеулерді тексеру және реттеу

  • Электр құралын фиксаторлар жинақтарынан алып тастаңыз.

Қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін жұмыс үстелінің негізгі реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады. Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы құрал қажет болады.

Фиксаторлар жинағының қысқыштарын реттеу (H суретін қараңыз)

Фиксаторлар жинағын (6) бекіткіш тетіктің (8) көмегімен жұмыс үстеліне бекітіп тұратын қысқыштарды жұмыс үстелін қарқынды түрде пайдаланғаннан кейін қажетінше реттеу керек.